Көркем жүзуден отандастарымыз әлем Кубогында 6 медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті.

Жалпы жүлде кестесі (20 мемлекет):

1️⃣🇬🇧Ұлыбритания – 3 алтын
2️⃣🇰🇿Қазақстан – 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
3️⃣🇨🇦Канада – 2 алтын, 1 қола

Қазақстан сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.

Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді

Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.

Әлем Кубогының екінші кезеңі 27-29 наурыз күндері Парижде (Франция) өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1162766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version