МӘЖІЛІСТЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Жастар ресурстық орталығы ғимаратында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған мекемеаралық мәжіліс өтті.
 
Мәжіліске аудан прокуроры Дабыл Аянұлы төрағалық етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
 
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, жергілікті полиция инспекторлары қатысты. Қатысушылар өз салалары бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынды.
 
Мәжіліс барысында жергілікті атқарушы, құқық қорғау және уәкілетті органдардың аудан аумағындағы криминогендік жағдай, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының тиімділігі талқыланды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері көтерілді.
 
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге құқықбұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version