«Медициналық қалдықтар туралы не білеміз?»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша медициналық қалдықтардың (бұдан әрі-МҚ) 15%-ы адамға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Медициналық қалдықтарда химиялық, биологиялық және радиоактивті зиянды бөлшектер болуы мүмкін, сондықтан залалсыздандыру мен дезинфекция қатаң реттеледі және мемлекеттік деңгейде бақыланады.

МҚ-ды жою және бір реттік шприцтерді қолдану мәселесі ХХ ғасырда АИТВ, гепатит және басқа вирустық аурулардың көбеюімен көтерілген. МҚ жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 12 тамыздағы 2020 жылғы №ҚР ДСМ-96/2020 “Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттеледі.

Медициналық қалдықтар дегеніміз не? Бұл медициналық ұйымдарда медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қалдықтар (емдеу процедураларын орындау). Оларға мыналар жатады: дәрі-дәрмек ыдысы, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер немесе дәрі-дәрмек қалдықтары, анатомиялық және патологиялық тіндер, биологиялық сұйықтықтары, қолданылған бетперделер, қолғаптар және басқалар.

МҚ-ды дұрыс сұрыптау және жою үшін олар қауіптілік сыныптарына жіктеледі.

Мед.қалдықтардың қауіптілік сыныптары қандай?

Мед.қалдықтарды кәдеге жаратуға қойылатын талаптар:

  • МҚ жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады;
  • МҚ-ды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар оларды көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтауы қажет;
  • МҚ-ды қолмен нығыздауға жол берілмейді. Жеке қорғаныш құралынсыз МҚ жинауды, сұрыптауды жүзеге асыруға жол берілмейді;
  • Медициналық қалдықтарды жинаумен, залалсыздандырумен, тасымалдаумен, сақтаумен және көмумен айналысатын жұмысшылар алдын ала (жұмысқа түскен кезде) және мерзімді медициналық тексеруден өтеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1162481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version