2026 жылдың 15 ақпанында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 15264 сайлаушы енгізілді, олардың 4765 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 114, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 287.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахмедов Абулайхан Сандыбаевич – 1536, Курманов Жамбыл Абдрахманович– 1428, Мекиев Аманжол Нурданович – 667, Уйсенов Жасулан Изтурганулы – 733.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі болып Ахмедов Абулайхан Сандыбаевич сайланды, 1983 жылы туған, «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Ақтау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1162474?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау