- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату»
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
2025 жылы Кудряшов ауылдық округінде жалпы 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2, Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру- 1, Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға – 9, Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 6,
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 5 түсіндіру іс – шара өткізілді, оның ішінде: «Ярмарка» -4, «Тікелей эфир» -1», Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына 207 дана брошюра таратылды, өзіне-өзі көрсету бұрышы арқылы 96 қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылар үшін әкімдік ғимаратында қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін пандус орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты маман электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Кудяшов ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері орналастырылған.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында Кудяшов ауылдық округінде «Электрондық мемлекеттік қызмет 1414» тақырында баннер орнатылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy-kudryashov/press/news/details/1162863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау