САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 28 ақпанға дейін арнаулы салық режимін таңдау қажет. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер көрсетілген мерзімге дейін қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарламаны ұсынуы тиіс.
Белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады.
Хабарламаны ұсыну мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: Салық төлеуші кабинеті (ИСНА АЖ), E-Salyq Business мобильді қосымшасы, Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз нысанда, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта – «Halyk Bank» және «Kaspi Bank» қосымшаларындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі).
2025 жылдың қорытындысы бойынша «көшу» себебімен хабарламаны қате ұсынған салық төлеушілер үшін 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап хабарламаны қайта жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Қате ұсынылған хабарламаны түзету үшін жаңа хабарламаны қайтадан жолдау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1162409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version