Шымкент қаласы аумағында 15-22 ақпан аралығында Республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қауіп тобындағы отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейту.

Іс-шара барысында:
• отбасылық жанжал шығаратын тұлғалар тексеріліп, профилактикалық есепке алу;
• қорғау нұсқамаларының сақталуы бақылауға алады;
• бұрын құқық бұзушылық жасаған азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіледі;
• халыққа түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады

Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әрбір хабарламаны жіті бақылауға алып, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды қабылдайды.

Құрметті қала тұрғындары! Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, дереу «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1162845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version