Талдықорғанда «TALDYQORGAN CUP» ашық турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталғы Талдықорған қаласында ересектер арасында футзалдан өткен «TALDYQORGAN CUP» ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын турнирге Жетісу өңірінің аудан-қалаларымен қатар Астана, Алматы және Ақтау қалаларынан, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан жалпы саны 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

🥇 Жарыс қорытындысы бойынша:

I орын — «SMR Eurasia» (Ақтау қаласы);
II орын — «Alsar Mansur» (Алматы қаласы);
III орын — «Qazavtojol» (Талдықорған қаласы);
IV орын — «FC Kausar» (Алакөл ауданы).

Жүлдегерлерді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтап, үздік командаларды марапаттады. Сондай-ақ ол аталған турнирдің алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, «TALDYQORGAN CUP» ашық турнирі Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жетісу облысы футбол федерациясы, сондай-ақ «Байжігіт-S» ЖШС мен «Асылым-бетон-А» ЖШС демеушілігімен ұйымдастырылды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 4 млн.теңге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1162840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version