Төлеби ауданында өткен ардагерлер кеңесінің ІХ конференциясында есепті кезеңнің қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды.
Конференцияға Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов арнайы қатысып, ардагерлер ұйымының өңір өміріндегі маңызын атап өтіп, аға буынның қоғамдық тұрақтылық пен тәрбие ісіндегі рөліне тоқтады.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысты.
Жиын барысында мандат комиссиясының есебі тыңдалып, аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары жан-жақты сараланды. Сондай-ақ кеңестің жаңа құрамы мен тексеру комиссиясы сайланып, облыстық конференцияға қатысатын делегаттар анықталды.
Басқосуда елдік мүдде, қоғамдық келісім және ұрпақ тәрбиесі бағытындағы жұмыстардың маңызы атап өтіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау