ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы аудан прокуроры Дабыл Аянұлымен бірге Бірінші Мамыр және Киелітас ауылдық округтеріне қарасты «Қамшақ», «Боз» және «Гуляй поле» каналдары мен қашыртқылардың жай-күйін зерделеді.
 
Аталған аумақтарда су тасқынының алдын алу, арық-атыздардың тазалығы мен су өткізу қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Су басу қаупі бар учаскелер араланып, Алатау ауылдық округіндегі Ақмешіт шатқалында сырғыма қаупі бар аумақтар бақылауға алынды.
 
Жауапты сала мамандарына су арналары мен қашыртқыларды уақытылы тазалау, қауіпті аймақтарда алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Көктемгі су тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екені атап өтілді.
 
Қазіргі таңда каналдарда тазалау және су өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар көктемгі жауын-шашын мен еріген қар суларының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version