ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ
▪️2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы Инсульт орталығына шұғыл түрде жеткізілді.
▪️Дәрігерлер тексеру барысында науқастардың барлығынан субарахноидальді қан кету және аневризмалық патология белгілерін анықтады. Бұл – уақытпен санаспайтын, әр минуты адам өмірі үшін шешуші саналатын аса қауіпті жағдай.
▪️Мамандар шұғыл консилиум өткізіп, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетті. Нейрохирургтер мен реаниматологтар селективті церебральді ангиография жасап, рентгенэндоваскулярлық әдіс арқылы аневризманы микроспиральдермен эмболизациялау (баллон ассистенциясымен) отасын жасады.
▪️Күрделі оталар сәтті аяқталды. Науқастар «Интенсивті терапия» бөлімінде бақылауда болып, қауіпті кезеңнен өтті. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақтанып, «Нейроинсульт» бөлімінде ерте кезеңдегі оңалту шараларынан өтіп жатыр. Емдеу мультидисциплинарлық тәсіл негізінде жүргізілуде.
▪️Бүгінде бір науқас үйіне шығарылды. Қалған екі науқасты жағдайы толық тұрақтанған соң шығару жоспарланып отыр.
▪️Түркістан облысы дәрігерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында үш адамның өмірі сақталып қалды. Науқастар мен олардың туыстары медицина қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдіруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
БЛАГОДАРЯ ПРОФЕССИОНАЛИЗМУ ТУРКЕСТАНСКИХ ВРАЧЕЙ СПАСЕНЫ ЖИЗНИ ТРЕХ ЧЕЛОВЕК
▪️ 23 января 2026 года трое жителей Абайского и Келесского районов в тяжелом состоянии были экстренно переведены из инсультного центра 2-го уровня в инсультный центр 3-го уровня при областной клинической больнице.
▪️ В ходе обследования врачи выявили у всех пациентов признаки субарахноидального кровоизлияния и аневризматической патологии. Это крайне опасное состояние, при котором каждая минута имеет решающее значение для жизни человека.
▪️ Специалисты провели срочный консилиум и оказали высокотехнологичную медицинскую помощь. Нейрохирурги и реаниматологи провели селективную церебральную ангиографию и выполнили операцию по эмболизации аневризмы микроспиралями с использованием баллонной ассистенции рентгенэндоваскулярным методом.
▪️ Сложные операции прошли успешно. Пациенты находились под наблюдением в отделении интенсивной терапии и преодолели критический период. На данный момент их состояние стабилизировалось, они проходят раннюю реабилитацию в отделении нейроинсульта. Лечение проводится на основе мультидисциплинарного подхода.
▪️ Сегодня один пациент уже выписан домой. Остальных двоих планируется выписать после полной стабилизации состояния.
▪️ Благодаря оперативным и профессиональным действиям врачей Туркестанской области были спасены три жизни. Пациенты и их родственники выражают искреннюю благодарность медицинским работникам.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1162663?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау