16 ақпан күні Конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб делегациясының Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Талас ауданы Қаратау қаласындағы “Балалар өнер мектебінде” Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Арубаев Сәкен Қаланұлы бастаған жұмысшы тобы мүшелері, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы, партия ардагері, ақын Битенова Үміт Қыранқызы, облыстық мәслихаттың депутаттары Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы мен Жолмақанова Айтбала Әбухасқызы, Талас аудандық мәслихаттың төрағасы Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы және Талас аудандық халықтық штабтың төрағасы Маселбеков Докторбек Манатбекұлы қатысты.
Сонымен қатар аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің мүшелері қатысты.
Кездесуді Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы жүргізіп жиынға қатысушыларды жұмысшы тобы мүшелерімен таныстырды.
Республикалық халықтық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Қ.Арубаев, жұмысшы тобының мүшелері Д.Д.Бықыбаев пен Ү.Қ.Битенова жаңа Конституцияның жобасын кеңінен түсіндіріп негізгі басымдықтарына тоқталды.
Сонымен қатар жарыс сөзге шыққан партия ардагері Ілес Нұрұлы, білім саласының қызметкері А.С.Тұрыспенбетова, мәдениет саласының қызметкері Ш.Ш.Жұмабекова Ата Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша өз ойларын ортаға салып жаңа Конституцияның жобасын қолдап 15 наурызда өтетін – жалпыұлттық референдумға қатысып дауыс беруге шақырды.
Жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстанда әділетті, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды. Бұл реформалар елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және болашақ ұрпақ үшін жауапты мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1163458?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау