Қызылордада әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне «Заң мен тәртіп – дамудың және әділеттіліктің кепілі» тақырыбында құқықтық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» қызметкерлері, Еңбек мобильділігі орталығының мамандары қатысты. Дәрісті Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі М. Оралбаева жүргізді. Кездесу барысында дропперлік әрекеттердің қауіптілігі, қаржы пирамидаларының белгілері мен олардың салдары, мұндай заңсыз әрекеттерден сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың құмар ойындарға тәуелділігінің алдын алу, оның әлеуметтік және құқықтық зардаптары туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1163606?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау