Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №364 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 226 477,8 мың теңге;
салықтық түсімдер – 37 578 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 868 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 357 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 180 674,8 мың теңге;
2) шығындар – 228 370,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– – 1 203,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 203,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 203,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық
мәслихатының төрағасы М.Тулеуов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1162942?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау