Ақмола облыстық орыс драма театрында Ақмола облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың ел мемлекеттілігін нығайтудағы маңызы, сондай-ақ болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, қатысушылар тарапынан өзекті пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1163768?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау