Астрахан ауданында жабайы жануарларды заңсыз аулау фактісі тергелу үстінде. Жергілікті ЖШС-нің бірінің аңшысы қылмыс жасады деп күдікке ілінді.
14 ақпанда аудандық полиция бөліміне табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі жөнінде арыз келіп түсті. Бастапқы тексеру барысында шаруашылық аумағында бірнеше жануарлардың өлекселерінің бөліктері табылды, болжам бойынша елік, ақбөкендер. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта дәлелдемелер базасын жинау және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тараптардың дәлелдері мұқият тексеріліп, тиісті сараптамалар тағайындалатын болады.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Ақмола облысының аумағында заңсыз аң аулау және табиғатты қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
ЖПІШ шеңберінде 96 жедел топ құрылды, мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Профилактикалық іс-шара басталғаннан бері табиғатты қорғау заңнамасы бойынша 184 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың 130-аң аулау ережелерінің заң бұзушылықтары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1163063?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау