Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғыны еңбек жағдайына қатысты мәселе көтерді. Жалақысына қосымша ставка немесе үстемақы қарастыру арқылы еңбекақы мөлшерін арттыруды сұрады.
Аудан әкімі өтінішті мұқият тыңдап, мәселе қолданыстағы заңнамаға, мекеменің штаттық кестесіне және қаржыландыру мүмкіндіктеріне сәйкес қаралатынын жеткізді. Тиісті бөлімдерге ұсынысты зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
Көтерілген мәселе бақылауға алынды. Нәтижесі бойынша азаматқа заң талаптарына сәйкес жауап берілетін болады.
Аудан әкімдігі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын әрдайым назарда ұстап, заң шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау