Бүгін, 2026 жылдың 17 ақпанында, Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабұловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья және «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Уразалинова Алина қатысты.
Күн тәртібінде депутаттардың бір дауыс пен шешімімен 4 мәселе бекітілді, олар алдын ала тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, сессияға бекіту үшін енгізілген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Қостанай қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 1 «Участоктық сайлау комиссияларының мүшелерін босату туралы» қаулысымен 92 участоктық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылды.
Сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында осы жылдың 29 қаңтарында сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру туралы ақпаратты орналастырып, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге сайлау комиссияларының құрамына үміткерлерді ұсынуға өтініш білдірді.
Белгіленген мерзімде бос орындарға сайлау комиссияларының мүшелері ретінде үміткерлерді келесі партия филиалдары ұсынды:
- ЖО «AMANAT» партиясының ҚОБ 9 үміткерді ұсынды;
- ЖО «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының» ҚОБ 12 үміткерді ұсынды;
- ЖОО «Ауыл» партиясының Қостанай облысы бойынша РБ 7 үміткерді ұсынды;
- ЖО «Қазақстан Халық партиясының» ҚОБ 15 үміткерді ұсынды;
- РЖОО «Ұлттық әлеуметтік-демократиялық партияның» ҚОБ 8 үміткерді ұсынды;
және 6 қоғамдық бірлестік:
ЖБ «Социум & Я» участоктық сайлау комиссияларына 5 үміткерді ұсынды;
ЖБ «Жеке жеңіл көліктерге арналған жабық тұрақ иелерінің «Тобыл» бірлестігі» участоктық сайлау комиссияларына 6 үміткерді ұсынды;
РЖОО «Ассамблея жастарының» Қостанай облысындағы өкілдігі участоктық сайлау комиссияларына 5 үміткерді ұсынды;
ЖБ «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» участоктық сайлау комиссияларына 11 үміткерді ұсынды;
ЖБ «Денсаулық жолы-1» участоктық сайлау комиссияларына 8 үміткерді ұсынды;
МЖБ «РИТМ» участоктық сайлау комиссияларына 6 үміткерді ұсынды.
Ұсынылған барлық үміткерлердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар, Қостанай қаласы әкімі ұсынған үш комиссияның жеке құрамына кадрлық өзгерістерге байланысты өзгерістер енгізілді:
Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша;
Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы халықтың қатысу бюджетін іске асыру аясында Қостанай қаласы тұрғындарының жоба ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау жүргізу үшін сараптамалық кеңес;
Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат бойынша.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1163314?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау