Домбыра – қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық өнердің асыл мұрасы. Осы құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мәдениет үйінде «Домбыраның сиқырлы сазы» атты шығармашылық сағаты өтті.
Шараны домбыра үйірмесінің жетекшісі Жәрдем Аманжол үйірме тәрбиеленушілерімен бірге өткізді.
Шығармашылық сағат барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы, оның қазақ мәдениетіндегі орны туралы мәлімет алды. Үйірме мүшелері халық күйлерін орындап, өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар күй орындау техникасы, қағыс түрлері жөнінде түсіндіріліп, жас домбырашыларға бағыт-бағдар берілді.
Шара жас өнерпаздардың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырып, домбыра өнерін дәріптеуге зор үлес қосты. Шығармашылық сағат мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1163003?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау