ЕРЕЖЕ «Павлодар облысында ҮЕҰ күніне орай марапаттау» конкурсын өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы ережеде конкурс өткізу тәртібі, оған қатысу шарттары,
конкурс жеңімпаздарын айқындау тәртібі және өзге де конкурстық рәсімдер
айқындалады.
2. «Павлодар облысында ҮЕҰ күніне орай марапаттау»
конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырушы– «Павлодар облысының
ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен Павлодар
облыстық азаматтық альянс» Ассоциациясы» ЗТБ.

II. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Конкурс әлеуметтік жобаларды іске асыруға және азаматтық қоғамды
дамытуға елеулі үлес қосқан Павлодар облысының неғұрлым белсенді ҮЕҰ-
ларын көтермелеу және марапаттау мақсатында өткізіледі.
Конкурстың міндеттері:
1. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуде
коммерциялық емес ұйымдардың тиімді, инновациялық бастамаларын
анықтау, көтермелеу және ілгерілету;
2. ҮЕҰ қызметінің кәсіби деңгейін арттыру және олардың
қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге жәрдемдесу;
3. ҮЕҰ қызметін нығайту, қоғамда ҮЕҰ-ның оң имиджін
қалыптастыру

III. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Конкурс ашық түрде өткізіледі.
Конкурсқа өз қызметін Павлодар облысының аумағында кемінде бір
жыл жүзеге асыратын, 2024 жылғы ҚР ҮЕҰ базасына мәліметтер ұсынған
коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурсқа мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар мен қозғалыстар,
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық
ұйымдар, жеке тұлғалар, діни ұйымдар мен конфессиялар қатыса алмайды.

IV. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Конкурсқа өтінім конкурсқа өтінімді өз бетінше толтыратын
қатысушыдан (коммерциялық емес ұйымнан) тікелей берілуі мүмкін;
Конкурсқа өтінім Google нысандары арқылы ұсынылады, оның ішінде
жақсы сападағы фотосурет (кемінде 5 дана).

V. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
– әлеуметтік және қоғамдық өзектілігі/маңыздылығы;
– мақсатқа жету әдістерінің жаңашылдығы;
– маңызды нәтижелердің болуы-сандық және сапалық, Әлеуметтік және
экономикалық әсер;
– пайдаға ие болушылар – мақсатты аудитория үшін оң өзгерістер.

VI. КОНКУРСТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:
1 КЕЗЕҢ: Өтінімдерді жинау-2026 жылғы 13-23 ақпан аралығында
2 КЕЗЕҢ: Конкурстың сараптамалық кеңесінің қорытындысын
шығару, финалистер мен жеңімпаздарды анықтау — 2026 жылғы 25 ақпанға
дейін.
3 КЕЗЕҢ: Дипломанттар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған салтанатты шарада өтеді
VII. САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС

Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау
үшін конкурстың сараптамалық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылады, оған
қоғамдық пікір көшбасшылары кіреді.
Кеңес мүшелері оның жұмысына өтеусіз негізде қатысады. Кеңестің
отырыстары тікелей немесе сырттай нысанда өткізіледі.
VIII. КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

Конкурс нәтижелері Павлодар облыстық азаматтық альянс»
Ассоциациясы» ЗТБ-ның сайтында орналастырылады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен
марапатталады.
Конкурс жеңімпаздары мен дипломанттарын салтанатты марапаттау
рәсімін өткізу мерзімі мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын
болады.
Байланыс тұлға: Поух Марина Михайловна – ватцап 87019385835

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-inform/press/news/details/1163483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version