Инвесторлардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік субьектілердің әкімшілік кедергілерге тап болудың алдын-алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында Өңірлік және Ұлттық пулге енген инвестициялық жобалар бойынша кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов, «Атамекен» ҰКП-ның Кентау қалалық филиалының директоры Мурат Садуов, қала прокурорының м.а. Бекжан Балқыбеков және кәсіпкерлер қатысты.
Кентау қаласы бойынша Өңірлік пулға 5 және Ұлттық пулға 3 инвестициялық жоба енгізілген. Ағымдағы жылы Кентау қаласында 15 инвест жобаны жүзеге асыру көзделген.
Кездесу барысында Ұлттық және Өңірлік пулға енгізілген инвесторларды қолдау,олардың проблемалық сұрақтарын қарау және сүйемелдеу бағытындағы іс-шаралардың орындалуы бойынша мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1163464?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау