16 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі–Департамент) Әдеп жөніндегі уәкілі А.Қожанова Департамент қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы“тақырыбында семинар – кеңес өткізді. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлау кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар жеткізілді. Семинар қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері ұсынылған ақпаратты назарға алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/1163553?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау