Аптаның алғашқы күні қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтің 95 жылдығына орай аудан мектептерінің жас мамандарынан құрылған топтың ұйымдастыруымен тағылымды әдеби кеш өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев қатысып, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кеш барысында ақын жырлары тебіреніспен оқылып, жаңа бірлескен шығармашылық туынды көпшілік назарына ұсынылды. Жас мамандар өздерінің таланты мен өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Жас буын жанды дауыста ән шырқап, өлең оқу мәнерімен жүректерге жол тапты. Кешке жиналған көрермендер зор ықыласпен қабылдап, ыстық лебіздерін білдірді.
Мұқағали мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы. Осындай рухани кештер арқылы жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігі арта түсетіні сөзсіз. Құндылықтарға негізделген тәрбие – нәтижелі қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1163439?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау