Павлодар қаласында жедел қызметкерлер тыйым салынған заттарды таратумен айналысу үшін келген Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
– Күдікті интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушысы рөлін атқарғанын, есірткі заттарын жасырын “қоймаларға тығу” — арқылы таратуды жоспарлағанын түсіндірді. Тінту барысында жүргізілген сараптамаға сәйкес синтетикалық есірткі заттары болып табылатын орамалар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктіден зип-пакеттер, электронды таразылар және қаптауға арналған құралдар алынды, – деп хабарлады Арсен Айгазин, Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауда, қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1163230?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау