Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан секірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыға тұрақтады. Енді осы ұпай айырмашылығы Гундерсен әдісі арқылы уақытқа айналады. Сосын алған орнына қарай спортшылар шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарысады. Мәреге бірінші жеткен шаңғышы жеңімпаз атанады. Шаңғы жарысы бүгін Астана уақытымен сағат 17.45-те басталады. Отандасымыз көшбасшыдан 4 минут, 6 секундтан кейін жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз атанған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1163392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version