“Жаңартылған Конституция – әр азамат үшін” тақырыбында Ұлытау ауданында аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы буклет тарату акциясы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының мәні мен маңызын түсіндіру, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында тұрғындарға арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылып, Конституциядағы негізгі жаңалықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-oblysy-ulytau/press/news/details/1163282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version