19.12.2025- Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы қорытынды отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Aудандық Қоғамдық кеңестің 2025 жылдағы соңғы отырысы ұйымдастырылды. Жиын барысында ауданның қаржылық тұрақтылығы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы және жергілікті атқарушы органдардың есептері бойынша маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде:
ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешім жобасына қорытынды берілді.
Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23-169/VIII «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы қаралып, тиісті қорытынды ұсынылды.
«ҚазақГазАймақ» АҚ-ның 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Қарасу ауылдық округі әкімінің 2024–2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі есебі қаралды.
Ақсукент ауылдық округі әкімінің 2024–2025 жылдары көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру бойынша есебі тыңдалды.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы есеп ұсынылды.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес, «Сайрам ауданның ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі қаулы жобасына қорытынды берілді.
Қоғамдық кеңес төрағасының аудандық Қоғамдық кеңестің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы жылдық есебі тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды. Қоғамдық кеңес тұрғындар мүддесін қорғау және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/1164018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version