«Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Абай облысы Жаңасемей ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Абай облысы Жаңасемей ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 Конкурсты өткізу күні: 05.03. 2026 жыл

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 73 «Г», 3 қабат, 303 кабинет.

Кәсіпорын атауы: «Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» ММ

Кәсіпорынның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки  көшесі, 73 «Г» 071411, тел.: 8 7071077594.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Елді мекендердің тыныс тіршілігін (сумен, жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды жинап-шығару) қамтамасыз ету; аудандық маңызы бар  жолдарын күтіп ұстау; мемлекет меншігіндегі су құбыры желілерін күтіп ұстау, сонадай-ақ  олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорынның Жарғысына сәйкес т.б қызмет түрлері.

Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеукезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы;
  • мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардакемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы:

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Бір басты принциптарда қызмет жасайды және кәсіпорын Жарғысымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес өз бетімен кәсіпорын қызметінің барлық сұрақтарын шешеді;
  • Кәсіпорын атынан әрекет етеді, кәсіпорын мүлкін басқарады, келісімшарттарға отырады, сенімхаттар береді, банктік есепшоттар ашып келісім шартқа отырады, басқа да келісімдер жасайды;
  • Өз құзыретінің шегінде және Еңбек заңдарына сәйкес жұмысшыларды  жұмысқа алады және жұмыстан босатады,мадақтау шараларын қолданады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам құжаттарды қабылдау мерзімінде 19.02.2026 жылдан 27.02.2026 жылға дейін сағат 18.30-ға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 73 «Г», 3 қабат, 303 – кабинет мекенжайы бойынша келесі құжаттарды аудан әкімі аппаратына қолма-қол ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

      6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Конкурсқа қатысушы болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін, оларды кандидаттар ретінде бекіту туралы, әңгімелесуден өту күні, уақыты мен орны туралы және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуден өтеді және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру және т.б.) өз қаражаты есебінен жүргізеді. Анықтама телефондары: 8 7071077594.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1164697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version