Әлеуметтік бейімдеу және жаңа мүмкіндіктер: ШҚО-да есепте тұрған тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік бейімдеу және жаңа мүмкіндіктер: ШҚО-да есепте тұрған тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Облыстық «Қоғамдық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және қайталама қылмыстың алдын алу жөніндегі пилоттық жоба аясында Өскемен қаласында мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жәрмеңке қалалық мансап орталығының базасында өткізілді. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соның ішінде ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға арналды.

Негізгі мақсат — қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік кедергілерді еңсеруге және толыққанды өмірге қайта оралуға көмектесу. Қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылып, жеке кеңестер жүргізілді, қажет болған жағдайда психологтар мен дағдарыс орталықтарына жолдама берілді.

Аталған санаттағы азаматтармен профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. Учаскелік полиция инспекторлары мүдделі қызметтермен бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетіп, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу бағытында тиісті шаралар қабылдауда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1164121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version