Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Әуенмен өрілген өмір» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Іс-шараға өнертанушылар, композиторлар, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш аясында композитордың өмірі мен шығармашылық жолына арналған баяндамалар ұсынылып, ұлттық музыкалық мәдениеттің алтын қорына енген туындылар орындалды.
Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығы ұлттық музыкалық өнердің дамуына елеулі үлес қосып, жаңа ұрпақ үшін де өзектілігін сақтап келеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1164715?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау