Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Қараөткел ауылдары мен Осакаров ауданының тұрғындарын қабылдады. Қараөткел ауылы тұрғындарының өтініштері түрлі салаларға қатысты болды. Осакаров ауданының тұрғыны аудан аумағында жылыжай кешенін дамыту үшін жер учаскесін беру мәселесіне жүгінді.
Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1164473?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау