АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты салтанатты жиын өтті.
Алдымен шараға қатысушылар «Жеңіс» саябағындағы «Мәңгілік алау» алаңына гүл шоқтарын қойып, Ауған жерінде қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Марқұмдардың рухына құран бағышталды.
Салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінде жалғасып, аудандық мәслихат депутаты Дилмұрат Омаров Ауған жерінде әскери борышын абыроймен атқарып, бүгінде ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға аудандық мәслихат төрағасының «Алғыс хатын» табыс етті.
Жиын барысында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, тағылымды шараның мазмұнын айшықтай түсті.
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version