Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мадияр Амангелдіұлы Утешев өңірдің денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп келе жатқан Марат Сарымұлын мерейлі жасымен құттықтады.
Кәсіби жолы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын тәмамдағаннан бері 40 жылдан астам уақытқа созылған Марат Сарымұлы Шыңғырлау аудандық ауруханасынан бастап, облыстық клиникалық аурухана мен онкологиялық диспансерде, қазіргі таңда “Uniserv Medical Center” ЖШС-де дәрігер анестезиолог-реаниматолог қызметін атқарып келеді. Бұл еңбек жолы өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісі, “Еңбек ардагері” медалі және басқа да марапаттары кәсіби шеберлікті, қажырлы еңбекті және адал қызметті бағалаудың айқын дәлелі болып табылады.
Басқарма басшысының арнайы қабылдауында болған мерейтой иесіне деніне саулық, отбасына амандық және кәсіби қызметте табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1164651?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау