Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
2026 жылдың 17 ақпанында Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің бастамасымен, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Тараз қаласы бойынша Мансап орталығымен бірлесіп, Тараз қаласының прокуратурасының қатысуымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Аталаған жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Тараз қаласының 27 кәсіпорындары қатысып, 147 бос орындар ұсынды.
Іс шараға алимент бойынша 41 борышкерлер қатысып, оның жұмысқа жолдама алғаны – 32.
Борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі ұдайы тоқсан сайын өткізілуде және нәтижесін беруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1164187?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау