Облыс прокуратурасының «Превенция рецидива» жобасы аясында Целиноград ауданының прокуратурасы аудандық сотпен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен үлгілі сот процесін ұйымдастырды.
Сот белгіленген жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған сотталғанға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды қарады.
Прокурордың қорытындысын ескере отырып, сот қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасы 2 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Іс-шараның мақсаты — қайталама қылмыстың алдын алу және пробация есебінде тұрған тұлғалардың құқықтық санасын арттыру.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1164710?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау