«Есірткісіз жарқын болашақ»: Астанада сурет көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама мектептің «Балдәурен» хор ұжымының орындауындағы әнмен ашылды. Сонымен қатар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы дайындаған «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында бейнеролик ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Көрмеге қойылған оқушылардың шығармасында олардың болашаққа деген көзқарасы, арман-мақсаты және есірткіге қарсы азаматтық ұстанымы бейнеленген.

Оқушылар көрмеге қойылған өз суретін таныстырып, ой-пікірімен бөлісті. Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі – «Қолтаңба қабырғасы» акциясы болды. Оған қатысушылар «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын!» деген ұстанымды қолдай отырып, арнайы баннерге түрлі-түсті алақан ізін қалдырды.

Жиын қорытындысында көрмеге қойылған үздік жұмыстар марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1164242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version