ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін ауданымызда Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар делегациясымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов және аудандық мәслихат депутаты Болат Умутбаев қатысты.
Бейжің қаласындағы «Ca Long» компаниясының өкілдерімен өткен келіссөз барысында ауданның инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары таныстырылды. Ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс және қайта өңдеу салаларындағы жобаларға ерекше назар аударылып, Ленгір қаласындағы тоқтап тұрған өндіріс орындарын қайта іске қосу мәселесі талқыланды.
Сапар аясында шетелдік инвесторлар бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысатын болады. Инвесторлармен бірге мәслихат депутаты өндіріс орындарын аралап, жұмыстармен танысады.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version