Конституциялық реформа – спорт саласының дамуына жаңа серпін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Байзақ ауданындағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде еліміздегі Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған маңызды кездесу өтті. Жиынға спорт мектептерінің басшылары, тәжірибелі жаттықтырушылар, әдіскерлер мен сала мамандары қатысып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне, соның ішінде спорт саласына тигізер ықпалын талқылады.
Кездесу барысында Конституция жобасындағы адам құқықтарын қорғау, әділеттілік қағидатын бекіту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды. Жиын тізгінін ұстағандар Ата Заңдағы заң мен тәртіп үстемдігінің спорт әлемі үшін де маңызы зор екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Азаматтардың шешім қабылдау ісіне белсенді араласуы алдағы уақытта ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға оң ықпал етпек.
Жиын еркін пікір алмасу форматында өтіп, сала мамандары өзекті сауалдарын жолдады.
Байзақтық спорт майталмандары бұл реформалар еліміздің ертеңі мен спорттың сапалық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін айтып, өз қолдауларын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1164393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version