Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Г.Жауынбекова, қалалық полиция басқармасының өкілі және әкімдіктің бөлім басшылары мен т.б. қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қалалық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» мәслихат төрағасы К.Олжабай есебін берді.
Сонымен қатар, «Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының жағдайы туралы», «Қалалық мәслихаттың білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» және «Тараз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралып, депутаттар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taraz/press/news/details/1164642?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау