Мойынқұм ауданында «Аула клубы» ұжымымен Конституция жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-насихат жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен аудандық білім бөліміне қарасты «Аула клубы» қосымша білім беру мекемесінің ұжымымен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты Ғалия Шубаева қатысып, Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде жан-жақты баяндама жасады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін түзетулердің мазмұны кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғам өмірінің түрлі салаларындағы жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.

Білім беру саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылып, балалар мен жасөспірімдердің сапалы білім алуына жағдай жасау, қосымша білім беру ұйымдарының рөлін арттыру, педагогтердің құқықтық мәртебесін нығайту бағытындағы өзгерістер талқыланды. Конституциялық жаңашылдықтардың білім саласының дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, ұжым мүшелері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, реформалардың мән-маңызы жөнінде ой бөлісті.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, реформалардың мазмұнын кеңінен түсіндіру және қоғам өкілдерімен тұрақты кері байланыс орнату.

 Мойынқұм ауданында Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, түрлі еңбек ұжымдарын қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1164500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version