Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты ауылішілік ән байқауы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бақалы ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және мәдениет үйі жанынан құралған кітапханашы Құрмангалиева Сәуле Тоқтасынқызының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты ауылішілік ән байқауы өтті.

Шараның басты мақсаты – ақынның сөзіне жазылған әндерді насихаттау, өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсету және көрерменге рухани кеш сыйлау болды. Байқауға 6 қатысушы қатысып, Мұқағали Мақатаевтың жүрек тербетер жырларына жазылған әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер көрермен көңілін көтеріп, рухани әсерге бөледі.

Әділ қазылар алқасының құрамында:
– Сарқан ауданының құрметті азаматы, мәдениет үйінің қызметкері Кисабекова Гүлжан Есімханқызы;
– Адилбеков Марат Әділбекұлы;
– аудандық мәдениет үйінің продюсері Калиев Сауат Әубәкірұлы;
– мәдениет үйінің қызметкері Смаилов Руслан Оралханович болды.

Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениетіне және әнді жеткізу деңгейіне әділ бағаларын беріп, жүлдегерлерді анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша:
 Бас жүлде – Изотова Еркежан
 І орын – Ақжол Қарақат
 ІІ орын – Нүсіп Әбимұхаммед
 ІІІ орын – Галиев Еркін

Сондай-ақ Кауранбек Ерлан мен Ырымжанқызы Риза алғыс хаттармен марапатталды.Байқау соңында Гүлжан Есімханқызының халықтың өтініші бойыншы әсем әнмен тамамдады.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салғаны үшін шынайы алғыс білдіреміз. Мұқағали жырлары мәңгі жасай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1163828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version