ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ САПАЛЫ БІЛІМІ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МІНДЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ САПАЛЫ БІЛІМІ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МІНДЕТ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Ордабасы ауданы аудандық коалиция мүшелері – Бақдәулет Жұмабеков, Бостандық Жәкей және Сәрсенбек Қабылбеков – білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Осы бағытта коалиция өкілдері Шұбарсу ауылдық округіне қарасты Шұбарсу ауылындағы «Достық», «Атамекен» және «Зерде» жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында ұстаздар қауымына Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, білім беру саласына қатысты маңызды өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда, білім алудың конституциялық кепілдіктері, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері және саланың болашақтағы даму басымдықтары сөз болды. Коалиция мүшелері мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарының Конституция преамбуласында айқын көрініс табуы – өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына берік негіз болатынын атап өтті.
Өз сөзінде Бақдәулет Жұмабеков Жаңа Конституция жобасының 33-бабына тоқталып:
– Жобаға сәйкес, тек орта білім ғана емес, бастауыш білім де міндетті деңгейде белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттің білім беру саласындағы жауапкершілігінің арта түскенін айқындайды. Саналы, білімді әрі отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу басты заң деңгейінде бекітілуі – ел болашағына жасалған маңызды қадам, – деді.
Кездесу барысында педагогтер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарастарын ортаға салып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді.
Мұндай мазмұнды кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті арттырып, алдағы жалпыхалықтық референдум қарсаңында тұрғындардың белсенділігін күшейтуге ықпал етуде.
@актуальное

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1164325?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version