ПРОФИЛАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін ауданымызда құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы және аудан прокуроры Дабыл Аянұлы қатысты.
Отырыста алкоголизмнің алдын алу, қаржылық алаяқтықпен күрес және пробация есебіндегі азаматтармен жүргізілетін жұмыстар талқыланды. Алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерінің алдын алу және тұрғындар арасында түсіндіру шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ қаржылық алаяқтықтың алдын алу, дропперлерге қарсы ақпараттандыру және пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселелері көтерілді.
Жиын қорытындысында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version