Профилактикалық іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері газгольдер арқылы жылытылатын жеке тұрғын үйлерде газгольдерді қауіпсіз пайдалану бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Профилактикалық іс-шара барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, газгольдерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, газ жабдықтарына уақтылы техникалық қызмет көрсету, газдың шығу белгілері байқалған жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлау және өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізбеу қажеттігі ескертілді. Азаматтарға жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігі айтылды, себебі газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау өрттің және басқа да төтенше жағдайлардың орын алуына әкелуі мүмкін. Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Күршім ауданының ТЖБ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1164094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version