Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген 18 қала тұрғыны жер телімдерін заңдастыру, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, баланың еміне демеушілік көмек көрсету және кәсіпкерлік мақсатта жер алу мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.
«Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1164487?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау