ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен 2026 жылға жоспарланған жобалар бойынша Қаратау ауданының тұрғындармен кездесу өтті.
Жиынға ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері, салалық басқарма қызметкерлері, қоғам белсенділері және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Шымкент қаласы мәслихатының инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Төлебаев, Қаратау ауданының әкімі А. Абаев атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:
• инфрақұрылымды дамыту (сапалы және үздіксіз электр жарығымен қамту, ауыз су, кәріз жүйесін жүргізу);
• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту (көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, қарғын су жиналатын аумақтарға ирригациялық жүйелер салу);
• қоғамдық көлік қатынасы (маршруттардың кестеге сай жүрмеуі, бағыттарын өзгерту, аялдамалардың орналасуын қайта қарау, аялдама белгілерін орнату) мәселе көтерілді.
Кездесу барысында тұрғындардың талап-тілектері мұқият тыңдалып, қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.
Өтініштердің орындалуы тұрақты бақылауға алынып, күрделі мәселелерді шешу мақсатында депутаттар тарапынан құзырлы органдарға тиісті сауалдар жолданатын болады.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да қаланың барлық аудандарында жалғасып, азаматтардың ұсыныстары мен талап-тілектері назарға алынады.
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1164657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version