Бүгін “Еңбек мобильдігі орталығы” КММ Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының ұжымымен мазмұнды кездесу өтті.
Жалпыұлттық коалицияның аудандық мүшелері Г.Ермекова, Б.Момынов, А.Болшыбеков, Е.Рыскелдіұлы, Ж.Аруанов ұжыммен жүздесіп, Конституцияның маңыздылығы мен алдағы референдумның мәні туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің ел дамуы, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы рөлі кеңінен айтылды.
Коалиция мүшелері ұжым қызметкерлерін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, әр азаматтың таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде орталық қызметкерлері де ұсынылып отырған өзгерістерге қолдау білдіріп, ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға қатысуға дайын екендерін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1164440?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау