С.КӨБЕЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ДИАЛОГЫ: МЕМОРАНДУММЕН ҚАМТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Бүгін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ арасында «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жоба аясында “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Спандияр Көбеевтің құрметіне арналған дөңгелек үстел” өтті және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» базасында өтті.
Меморандумға мектеп директорлары
✅Нурпоисова А.Ж.
✅Жақия М.М. қол қойды.
Бұл келісім білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтып, бірлескен тәрбиелік-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1164335?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау