Департамент 2026 жылғы 13 ақпанда ШҚО медициналық ұйымдарымен 2025 жылғы этил спиртін нақты алу мен пайдалануды талдау нәтижелері негізінде онлайн-кеңес өткізді. Кеңеске Департамент басшысының орынбасары Д. М. Кальжиров және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Болат Ә қатысты. Кеңес барысында “Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығының негізгі тармақтары талқыланды, сондай-ақ Департамент этил спиртінің едәуір қалдықтары бар медициналық ұйымдардың атына хаттар жолдады. Медициналық ұйымдардың ақпараты жоғары тұрған органға жеткізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1163854?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау