ШҚО-ның эпизоотиялық қауіпсіздігі: вакцинация, диагностика және цифрландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты және толық бақылауда. Бұл туралы облыстың ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандыков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

2025 жылы мамандар 8 қауіпті инфекцияға қарсы 4,7 млн вакцинация жүргізді — олардың ішінде сібір жарасы, құтыру сынды ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіретін аурулар бар. Бұл жұмыстарға 757,7 млн теңге бөлінді. 2026 жылы вакцинация жұмыстары жалғасуда: 7 аса қауіпті ауруға қарсы 4,3 млн доза қолдану жоспарланған, оның жартысынан көбі — 2,3 млн доза бөлініп қойды.

Өткен жылы 1,2 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді. 2026 жылға да бруцеллёз бойынша сондай көлемдегі сынамалар қарастырылған. Қазіргі күнге дейін 2 мыңнан астам сынама зерттелді, оң нәтижелер анықталған жоқ. Аурудың жеке жағдайлары Зайсан ауданында тіркелген, қазіргі таңда қажетті сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. 10 ақпанға жағдай бойынша облыста аса қауіпті инфекциялардың белсенді ошақтары жоқ.

Облыста ауыл шаруашылығында цифрлық технологиялар белсенді дамып келеді. 9 мыңнан астам қолданушы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген TortTulik мобильді қосымшасын пайдаланып отыр. Қосымша малдарды нақты есепке алуға, ветеринарлық құжаттарды рәсімдеуге және деректерді онлайн жаңартуға мүмкіндік береді.

Цифрландырумен қатар инфрақұрылым дамуы да жалғасуда: 2026–2027 жылдары өңірде 7 ветеринарлық станция, 70 ветеринарлық пункт және 54 мал көмілетін алаң салу жоспарланып отыр, бұл қызмет тиімділігін арттырып, эпизоотиялық қауіпсіздікті күшейтпек.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1164692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version